17.03.2020, 9:29
Қараулар: 76
КЕЛІСІМШАРТПЕН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУДА

КЕЛІСІМШАРТПЕН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУДА

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскерлерінің негізін келісімшарт әскерлері құрайды.Техника және қару – жарақпен жабдықталған әскер қуаттылығымен, шапшаңдығымен мемлекеттің әскери және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің күнделікті оқу-жаттығуларын күшейту, әскери қызметкерлердің әскери қызметке адал болу қасиеттерін жасақтау керек.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері сержанттар және офицерлер лауазымын келісімшарт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметкерлерді жоспарлы түрде көбейтуге көшті. Осы мақсатта штаб бригадалары енгізіліп, кәсіби сержанттардың атқаратын қызметі белгілі деңгейде өсуде. Бүгінде әскери қызметті келісімшарт бойынша өтеушілердің саны өсіп келеді.

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен Атырау қаласындағы 41433 әскери бөліміне қатардағы жауынгер Нұржан Мантиев, Ақтау қаласындағы 29011 әскери бөліміне қатардағы жауынгер Сержан Есенғалиев, 2-ші сатылы старшина Салауат Өтегенов және Ақтау қаласындағы 51809 гвардия сержант Айбек Садықұлы келісім-шарт бойынша әскери қызмет атқаруға жіберіліп, қызметтерін адал атқаруда. Атап айтсақ, 41433 және 41321 әскери бөлімі Атырау қаласы, 99116 әскери бөлімі Бейнеу қаласы, 51809, 29011, 75488 және 05994 Ақтау қаласындағы әскери бөлімдерге жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар.

Келісімшарт бойынша әскери қызметке баруға ниет білдірген әскери міндеттілер болса толық мәлімет алу үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарласуға болады.

Мекенжайымыз: Казталов ауданы Шарафутдинов көшесі №19 ғимараты,

Байланыс телефоны: 8(71144) 31- 3-03.