17.03.2020, 9:27
Қараулар: 56
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ИГІ ІСТЕРІ

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ИГІ ІСТЕРІ

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Еріктілер жылы деп жариялағаны белгілі. Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар қатары көбейіп келеді. Қайырымдылық жасауға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп отыр. Ал жақсылық жасайтын жандар ортамыздан қашан да табылады.

Осы орайда БҚО Полиция департаментінің Казталов ауданының полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ренат Дегенбаевтың бастамасымен полиция бөлімі ғимаратының қарсы бетіне көлемі 270 шаршы метр болатын «Саябақ» және 25-30 автокөлікке арналған автотұрақ салынуда.
Аталған саябаққа көктем мезгілінде полиция бөлімінің қызметкерлерімен көшеттер отырғызылып, оны көркейту қолға алынып отыр.

Жұлдыз АСҚАР

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар