17.03.2020, 9:24
Қараулар: 69
СЕНБІЛІК СЕРПІНДІ ЖҮРГІЗІЛУІ ТИІС

СЕНБІЛІК СЕРПІНДІ ЖҮРГІЗІЛУІ ТИІС

Аудан әкімдігі аппаратының мәжіліс залында Казталов ауылдық округі бойынша наурыз-мамыр айларындағы өтетін сенбілік аясында мекемелерге бекітілген қоршаулар мен саябақтарды бөлуге байланысты жиын өтті.

Жиында Казталов ауылдық округінің әкімі Жүсіп Шакуов: -Ауданымызды таза ұстау өз қолымызды. Өмір сүріп жатқан аймағымызды ластамай, таза ұстағанымыз жөн. Әр мекеме өздеріне белгіленген жерлерге барып, тазалық жұмыстарын жүргізеді. Атқарылатын жұмыстар: жасыл желек қоршауларды тазарту, әктеу, қопсыту, шұңқыр қазу, терек егу. Ескерте кететін жәйт, өзіңізбен бірге тік, сәуік күрек, тырнауыш, қоқыс жинайтын қап алып шығуларыңыз сұралады, -деді өз хабарламасында.

Құрметті аудан тұрғындары аудан тазалығына белсенділікпен жұмылып, бір кісідей ат салысайық!

Диана БАҚСЫҚ

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар