17.03.2020, 9:21
Қараулар: 50
ЕКІ МӘРТЕ ЧЕМПИОН

ЕКІ МӘРТЕ ЧЕМПИОН

Жарыстарда баптаған шәкірттері жүлдегер атанып, аудан атын облыс, республика көлеміне танытып жүрген аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Айдын Елемесов туралы бұрын-соңды әлеужеліде, газет бетінде жазып жүрміз. 20 жылдың үстінде тер төккен бапкердің бұл салада еңбегі ересен. Тек шәкірт баптап қана қоймай, өзі де талай додалардың жеңімпазы атанып жүр. Жерлесіміз Айдын күні кеше Шымқалада өткен чемпионатқа қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Жатып сығымдаудан ҚР чемпионатында 66 келі салмақта І орынды иеленсе, классикалық жатып сығымдаудан да чемпион атанды. Міне, жетістік! Еліміздің 16 облысынан 500-ге жуық спортшы арасынан Айдын оқ бойы оза түсті.
Мықты ұстазға алдағы уақытта да тек жеңісті күндеріңіз көп болсын дейміз.

Әсем БОЛАТ