17.03.2020, 9:19
Қараулар: 133
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Жуырда «kazrio.kz -жас өркен» — білім мен қабілетті дамыту орталығының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға Алма Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қатысып, жүлделі орындарды иеленді.

«Абайдың асыл мұрасы» атты шығармашылық байқауында даралығын көрсетіп, ерекше өнерімен үздік деп танылған 0 «б» сынып оқушылары – Ұлданай Темірланқызы, Көзайым Әлібек, Раида Жасталапова, Бейбіт Ерген (жетекші мұғалімдері: Қайырмәнет Валиева) І дәрежелі дипломмен марпатталды.

Сонымен қатар «Жас өркен» порталы ұйымдастырған республикалық шығармашылық байқауларға шәкірттерін дайындап, қатыстырғандары үшін Әлия Ғұсманова және Қайырмәнет Валиеваға алғысхат табыс етілді. Шыңдаған шәкірттеріңіз әлі талай белестерді бағындырады деген сенмідеміз!

Диана БАҚСЫҚ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар