17.03.2020, 9:14
Қараулар: 199
ШТАБ ОТЫРЫСЫ

ШТАБ ОТЫРЫСЫ

Ауданымызда Коронавирус дертінің алдын алу және халықты құлақтандыру мақсатында Казталов ауданы әкімінің 3 наурыздағы № 15 өкімімен арнайы штаб құрылған болатын.
10 наурыз күні аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитованың төрағалығымен штаб мүшелері бас қосып, Коронавирусқа қатысты әлемдегі ахуал туралы кеңінен талқылады. Бүгінгі күнде осы дертке қатысты әлемдегі жағдай туралы аудандық тауарлармен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Талғат Хайдаров хабарлама жасады.
Штаб отырысында ресми дерек көздерінде елімізде бұл дерт тіркелмегендігі, бірақ алдын алу шаралары ұйымдастырылып жатқандығы туралы айтылды. Алдағы уақытта аудан тұрғындары әлеуметтік желілердегі Коронавирусқа қатысты қандай да болса ақпаратқа сенбей, тек ресми дерек көздерінің берген мәліметіне сүйенуі керектігі туралы да сөз қозғалды.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар