10.03.2020, 17:48
Қараулар: 77
ТӘРБИЕНІ ҚОЛӨНЕРМЕН ҰШТАСТЫРҒАН

ТӘРБИЕНІ ҚОЛӨНЕРМЕН ҰШТАСТЫРҒАН

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айгүл Абайқызы – ауданымыздағы «Нұрбалапан» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі. Бала жүрегіне жол таба білген тәрбиеші әр бүлдіршіннің шығармашылықпен айналасуына жол ашуда.

Кейіпкеріміз көрген-түйгенін күнделікті жұмысында балғындардың жан

дүниесіне сіңіруге ұмтылды. Әңгіме барысында ұстаздың шығармашылыққа деген ізденісіне риза болып, оны шеберлікке тәрбиелеген кім екенін білуге құмарттық.

Сөйтсек, ол мұндай шаруаға бала күнінен жақын болыпты. Анасы әркез «Үйренгенің өзіңе жақсы, істегенің маған жақсы» деп құлағына сіңіріп отырған.

– Анам қолөнерге жақын болғандықтан, мені де жастайымнан үй шаруасы мен қолөнерге б

аулыды. Бала болсам да анамның жанында отырып бауырларыма шұлық, қолғап тоқушы едім. Мектеп қабырғасында да еңбек сабағын ерекше жақсы көрдім, – дейді шебер. Содан да болар, бүгінде Айгүл Абайқызы бұл өнерін тастамай, бүлдіршіндерге үйретіп келеді. Бөбекжайда тәрбиеші қызметін атқарғасын

кішкентай балдырғандармен бірге фетрден түрлі ертегі кейіпкерлерін, ағаштардан үй жиһаздарын жасауды әдетке аналдырыпты. Осылайша тәрбиеші түрлі бұйымдар жасау арқылы қазақтың қолөнерін дамытып, өскелең ұрпаққа жеткізіп отыр. Қолөнер шебері Айгүл Бақатова киізден түйе, жылқы, арқардың мүсіндері мен тұмарлар, торсық, қоржын, сандықша, әртүрлі ұлттық нақыштағы қуыршақтар жасайды. Ол қолынан шыққан әр бұйымның мағынасы мен мәні бар екенін айтады.

– Қолөнермен айналысу үшін арнайы білімнің қажеті жоқ. Ең бастысы, ниет пен шыдамдылық, ептілік керек. Негізгі мамандығым – тәрбиеші. Сөйтсе де, қолдан келетін іс болғандықтан, қолөнермен айналысуды жөн көрдім. Жасаған әр бұйымыма ұлттық ою-өрнектерді салып, нақыштап, безендіремін. Қазақтың ою-өрнектері көп. Сол арқылы кәдесыйлардың да көркі артып, ұлттық болмысымыз да көрініп отырады, – деді кейіпкеріміз.

Ұлттық өнерімізді насихаттап жүрген шебердің бұйымдары кез келген адамға ой салады. Әсемдігімен көздің жауын алатын алқа, сырға, тұмар сынды әше

кей бұйымдарды тапсырыспен жасайды екен. Оның қолынан шыққан кәдесыйларға сұраныс та жоқ. Ауылдағы ағайын той-томалақ, мерекелік кештерге бұйымдарын сыйлық ретінде лезде сатып алып кетеді.

Әр іске қолжеткізу үшін уақыт, тәжірибе, жылдармен еңсерілетін бейімділік пен біліктілік қажет. Бұндай қасиет балғындармен заман талабына сай іздене жұмыстанатын Айгүл Бақатова да бар.

Жұлдыз АСҚАР