10.03.2020, 17:41
Қараулар: 180
ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

9 наурыз күні әртүрлі қайырымдылық істерімен жерлестерінің сансыз алғысына бөленіп жүрген жалпақталдық Мәди Меңдешев ініміздің әлеуметтік желідегі хабарламасын оқып, діттеген жерге бардым. Мақсатым Жалпақтал ауылындағы орталық зираттың қоршауын дайындап жатырған жігіттерге қолымнан келгенше қол ұшымды беру болатын. Барсам Мәди мен Әділ бауырымыз жұмыстарына қызу кірісіпті. Менімен бірге барған Құрман ағам да, мен де дереу көмектесе кеттік.
Орталық зираттың қоршауын дайындауға ыңғайлы орын деп қоймасын берген ауылдың танымал кәсіпкері Серік Темірханов ағамыз елжанды жігіттердің қайырымды істеріне көптеген көмегін тигізіп, қолдауын көрсетті. Зиратты қоршауға қажет материалдар қаладан сол кісінің демеушілігімен жеткізілген болатын.
Алтын уақыттарын қиып, барлық шаруаларын ысырып қойған патриот жігіттер «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген қағидамен осылайша сауапты істің басынан табыла білді. Бірлескен істе, алынбайтын қамал болмайды. Осыны ескеріп, бәрімізде ортақ істен қалыс қалмай, көмек қолымызды созуды ұмытпайық, ағайын!

Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ