10.03.2020, 17:35
Қараулар: 143
АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мереке күні аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сергей Тоқпанов ауданымыздың экономикасына сүбелі үлес қосқан, нарықтың алғашқы қарлығаштары болған бір топ аналарды құттықтады.

Ауданымыздың кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында жемісті еңбек еткен Катя Бисемалиева, Пәзила Байғонақова, Әмина Кумаева, Бәтес Ғаббасова, Сара Бержанова, Нұржамал Қажымова, Талшын Бермағамбетова, Роза Шайхиева, Бақытқаным Нұғманова, Нұрзия Қабдолова, Қымбат Хайруллина, Сәуле Омарқызы, Мағия Қадірқызы, Нұрбике Қажығалиқызы, Жаңылсын Садыққызының шаңырақтарына арнайы барған Сергей Харипуллаұлы аналарға мерекелік лебізін білдіріп, құттықтау хат пен гүл таратты.

Сонымен бірге сұлулық салонын ашып, кәсібін бастап жатқан Фариза Бақтығалиқызын мерекемен құттықтап, аудан әкімінің алғысхатын табыс етті.

«Ауыл айнасы» ақпарат