10.03.2020, 17:25
Қараулар: 77
КӨКТЕМГІ МЕРЕКЕ — КӨҢІЛДІ СТАРТ

КӨКТЕМГІ МЕРЕКЕ — КӨҢІЛДІ СТАРТ

 

 

 

 

 

 

 

Наурыз айы басталсымен адамзат баласы ерекеше тылсым күйге бөленетіні хақ. Көктем көңіл-күйдің мезгілі. Көктемде жер анамыз бусап, бар тіршілік жанданады.
Осынау қасиетті күндер мен көңілді мерекелерді қалт жібермеуге тырысқан аудандық «Айбын» спорт клубының Жалпақтал ауылындағы әдіскері Бекежан Жүсіпқалиев Кенжебек Меңдәлиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде «Көңілді старт» эстафеталық сайысын ұйымдастырды.
Жарысқа қатысқан алты команда да жоғары дайындықпен келгендерін көрсетті.
Тартысты өткен сайыс нәтижесінде жүлделі І орынды Жалпақтал өнер мектебі, ІІ орынды»Ертегі» балабақшасы, ІІІ орынды Ғинаят Молдашев атыдағы орта мектеп ұжымы өзара бөлісіп, Жалпақтал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы «Белсенді ұжым» номинациясына ие болды.
Жарыс соңында «Көңілді старт» сайысын ұйымдастырушылар командаларын жақсы дайындаған мекеме-ұйымдарға өз алғысын білдірсе, жарысқа қатысушы спортшылар ауылда өтетін спорт жарыстарының қатары әлі де көбейе берсе екен деген тілектерін жеткізді.

Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ