10.03.2020, 17:21
Қараулар: 144
АРДАГЕР ҰСТАЗ АРДАҚТАЛДЫ

АРДАГЕР ҰСТАЗ АРДАҚТАЛДЫ

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев пен аудандық аналар кеңесінің төрайымы Күнсұлу Шакенаева Алма Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің ардагер ұстазы Айғаным Кенжеғалиеваның шаңырағында болып, айтулы мерекемен құттықтады.

«Ұстаз деген – жүректің батырлығы» демекші, ұзақ жылдар білім саласында абыройлы қызмет атқарып, көптеген шәкіртті қанат қақтырған ұстазға деген жылы лебіздерін білдірді.

Айғаным Кенжеғалиева осындай мейрамда құрмет көрсеткен жандарға алғысын білдіріп, ақ жарма тілектерін арнады.

Диана БАҚСЫҚ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар