10.03.2020, 17:18
Қараулар: 126
АНАЛАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

АНАЛАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

6 наурыз күні Қараөзен ауылында аудандық мәслихат депутаты Жолдыбаев Нұрлыбай Жолдыбайұлының демеушілігімен, «Nur Otan» партиясы Қараөзен ауылдық бастауыш партия ұйымының төрағасы Рахметуллин Мұрат Есетұлы «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасына сәйкес, 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ардагер аналар мен әжелерімізді, тыл еңбеккерлерін, Алтын, Күміс алқа иелерін құттықтап сый-сияпаттар табыс етті.

Төл мерекелерімен марапатталған ақ жаулықты әжелер мен аяулы аналар шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар