10.03.2020, 17:14
Қараулар: 72
ҚАЙЫРЫМДЫ ІС — КӨҢІЛГЕ МЕДЕУ

ҚАЙЫРЫМДЫ ІС — КӨҢІЛГЕ МЕДЕУ

 

 

 

 

 

 

Қоғам өмірінен өзін алыстатпай, көптің жүрегіне мейлінше мейірімін төгіп жүретін жандар айналасына қашанда шуағын сеуіп, жүрек жылуын таратып тұрады.
Ауылымыздағы кең жүректі сондай жандардың қатарында жас болса да өзінің іскерлігімен көпке танылып үлгерген кәсіпкер Индира Әлібековаға ауылдастары дән риза. Ол

ауылда өтетін қоғамдық көпшілік шаралардан ешқашан қалыс қалып көрген емес.
Күні еше ғана (5-6 наурыз) көктем мерекелерінің маңызды мейрамына айналған 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Жалпақтал, Қараөзен, Жаңажол ауылдарының көп балалы тұрғындары мен мүмкіндігі шектеулі жандарына зор құрмет көрсетіп, ауыл тұрмысын дамытуға үлес қосып жүрген кәсіпкер ретінде жеке өзінің атынан арнайы дастархан жайып ас беріп, бағалы сыйлықтар табыс еткен еді.
Айтулы мереке қарсаңында иісі бұрқырап

тұрған табиғи жанды гүлге ие болып, ауылдас қыздарынан бағалы сыйлық алған тұрғындар «БақытТранс» жеке кәсіпкерлігінің иесі Индира Әлібековаға шынайы алғыстарын жеткізді.
Ауылдастар қуанышын бөлісе отырып, біз де көктемнің нұр шуағы төгілген аналар мерекесі құтты болсын дейміз!

Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар