10.03.2020, 17:08
Қараулар: 90
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

 

 

 

 

 

 

 

5 наурыз күні 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Жақсылық жаса» қоғамдық бірлестігінің күндізгі болу орталығында әлеуметтік қызметкерлер және арнаулы әлеуметтік қызмет алушы қыздардың қатысуымен «Қыз еркем – өнерімен көркем» атты топтық сайыс өтті.

Сайыс таныстыру, өнерлі өрге жүзер, шебердің қолы ортақ, ұтқыр сұраққа ұтымды жауап, таңдайдан дәмі кетпес тәтті астың сынды 5 бөлімнен тұрды. Сайыс нәтижесінде барлық қатысушылар сегіз қырлы, бір сырлы екендіктерін танытып, «Өнерлі топ», «Білімді топ», «Шебер аспаз», «Ең шебер топ», «Көрермендер көзайымы» номинациялары бойынша дипломдармен марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Осынау көктем мерекесі қарсаңында тіршіліктің тірегі – барша аналарға, қыз-келіншектер мен аруларға 8 наурыз мейрамы құтты болсын демекпіз.

Өз ТІЛШІМІЗ

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар