25.02.2020, 10:32
Қараулар: 273
Ротовирустық жұқпаның алдын алу

Ротовирустық жұқпаның алдын алу

Ротовирустар — балалар ғана емес, ересектерде де болатын вирусты жұқпа тобы. Аталған инфекция көбінесе балаларда кездеседі, себебі оларда асқазан-ішек жүйесі толық қалыптаспаған, ал ересек адамдарда жеңіл түрде өтеді.

Ротовирусты ауру жұқпалы болып табылады және нфекцияланған тамақ өнімдері арқылы (әсіресе сүт өнімдері) тұрмыстық қатынас (лас қолмен) және ауа тамшылары (жөтелу және түшкіру) арқылы жұғады.

Ауыру ағымы: 5 тәулікке дейін-инкубациялық, 3-7 тәулікке дейін-жіті кезең және 4-5 тәулікке дейін -қалпына келу кезеңі. Әдетте ротавирусты инфекция симптомдар үштігімен басталады: дене қызуының көтерілуі, құсу және іші ауыру. Бұған бастың ауыруы, селқос күйге түсу қосылады, кейде денесі тоңазиды. Іштің өтуі ротавирусты инфекцияны диагностикалауға көмектеседі. Бірінші күні сары түсті сұйық зәр шығады, кейін сұр-сары түсті қоюланған болады. Келесі күні диарея-жиі су сияқты-күніне 20 рет болуы мүмкін. Диареяның ұзақтығы-5-6 күн.

Бұл ауру несімен қауіпті? Инфекция әсіресе үш жасқа дейінгі балаларда дене қызуы көтерілгенде пайда болатын интоксикация, сусыздану, қалшылдау асқынуларымен қауіпті. Нәрестелерде организмнің сусыздануынан тұз-су алмасуы бұзылып, бүйрек жетіспеушілігі дамып, өлімге әкелуі мүмкін.

Ротавирус қалай таралады? Ротавирусты инфекция өте жұқпалы және ауру баладан сау балаға, ересектерге де тез жұғады. Науқас нәжісімен вирус көп мөлшерде бөлініп, лас қол және қоршаған ортадағы заттар арқылы тез беріледі. Бұл нәжіс-ауыз арқылы жұғу жолдары болып табылады. Сонымен қатар бұл ауруды «лас қол ауруы» деп те атайды, себебі вирус лас қол, ыдыстар, ойыншықтар арқылы беріледі. Төменгі температураға тұрақтылығына байланысты вирус суда ұзақ сақталып, тағамдарға таралады.

Аурудың алдын алу:

♦ көкөністерді, жемістер мен цитрустық жемістерді қолданар алдында ағынды суға мүұият жуыңыз;

♦ қолдың тазалығын үнемі қадағалап отыру, сонымен қатар үйді таза ұстаңыз;

♦ сапалы тағамды қолданыңыз;

♦ ауыз су үшін қайнатылған немесе бөтелкедегі суды қолданыңыз;

Бағдат ӘЛІБЕКОВА,

Казталов аудандық тауарлар мен

көрсетілетін қызметтердің сапасы

мен қауіпсіздігін бақылау

басқармасының жетекші маманы