25.02.2020, 10:25
Қараулар: 65
ЖАС ӨРЕНДЕР ЖАРАДЫ

ЖАС ӨРЕНДЕР ЖАРАДЫ

21-22 ақпан күндері Орал қаласында өткен ІІІ республикалық «Ұлы дала ұрпағы» атты өнер мен білім байқауында аудандық саз мектебінің өнерлі өрендер қатысып, жүлдегер атанды. Аспапта орындау номинация сынды домбыра жанры бойынша Бас жүлде Толқын Темірлановаға бұйырса, Сайда Шамғон ІІІ орынды иеленді (ұстазы Нұргүл Рысмаганбетова). Осы жанрда Ақиіс Маратова І орынды жеңіп алса (ұстазы Әсемгүл Жұмабаева), Санжар Бисебайұлы да І орынға ие болды (ұстазы Жанат Өтешова).
Дарынды да талантты өрендерді жеңістерімен құттықтай отырып, шығар шыңдарын көп болсын дейміз! Шәкірттерінің жеңіс тұғырынан көрінулеріне сеп болған ұстаздарының еңбегі ұшан-теңіз.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА