25.02.2020, 10:22
Қараулар: 82
ЕРКІН КҮРЕСТЕН АУДАН БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

ЕРКІН КҮРЕСТЕН АУДАН БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

 

 

 

 

 

 

 

Еркін күрестен 2004-2005 жылы, 2006-2007 жылы, 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы “Ұлы Жеңістің 75 жылдығына” орай Казталов ауданы Жаңажол ауылында аудан біріншілігі өтті.

Жарысқа аудандық орталық балалар жасөспірімдер спорт мектебі, Жаңажолорта мектебінен, Қараөзен мектеп-лицейінен,  Жас негізгі орта жалпы білім беретін мектебінен 80-ге жуық спортшы қатысып, бақтарын сынады.

2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында Әли Жалмұхан 23 келі, Даниял Сакенов 28 келі, Әмірхан Қуатов 33 келі, 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер 33 келі салмақ дәрежесінде Армат Жаннат, 36 келі Асылхан Ерболат, 44 келі Әлихан Мендыханов, 54 келі Бақтияр Оразғалиев, 2004-2005жылы туған жасөспірімдер 50 келі Асланбек Мақсутов, 60 келі Сұлтан Ахинбасов жеңімпаз атанды.

2009-2010 жылы туған 23 келі салмақ дәрежесінде Өркен Берікқали, 28 келі Нұрсат Жалмұхан, 33 келі Нұрбақыт Амангелді, 2006-2007 жылы туған 33 келі Бексұлтан Сакенов, 54 келі Әділбек Ерболатов, 2004-2005 жылы туған 41 келі Нұрберген Берікқали күміс жүлдегер атанды.

2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында 23 келі салмақ дәрежесінде Бексұлтан Серік және Бекарыс Болат, 33 келі Ырысбек Тұрақбай, 2006-2007 жылы туған 36 келі салмақта Ерқанат Қасымғали,2004-2005 жылы туған Нұрдәулет Ахон қола жүлдегер атанды.

Яғни, жарыс нәтижесі бойынша 9 алтын, 6 күміс, 5 қоланы спортшылар қанжығаларына байлады. Жаттықтырушылары Мейрам Ғиляжев.

Диана БАҚСЫҚ