25.02.2020, 10:13
Қараулар: 77
ҚАРАСУДА БАЛЫҚТАРҒА АУА ЖІБЕРІЛДІ

ҚАРАСУДА БАЛЫҚТАРҒА АУА ЖІБЕРІЛДІ

Өткен жылдары Қарасу тоғанының балықтары ауа жетпеуіне байланысты қырылып, біраз шығын келтірген еді. Биыл сол шығынды болдырмас үшін тоғандағы балықтарға ойықтар ойып, қамыс салып ауа жіберілуде.
22 ақпан күні Әлібек Сартаев жетекшілік ететін «Сартаев» жеке кәсіпкерлігі мен «Қосөзен балықшылары» Қарасу тоғанының балықтарына ауа жіберіп, тыныс алуы үшін қамыс салды. Жұмыс басына барып, жұмысшыларды сөзге тарттық.
-Қараөзен, Сарыөзен өзендеріне, Қарасу тоғанындағы балықтарға су жіберу арқылы ауа берудеміз. Балықтардың тыныс алуы үшін шағын ойықтар ойып, қамыс саламыз. Осы жұмыстарды енді Сакрыл көліне де жүргізетін боламыз. «Қосөзен балықшылары» бұл жұмыстарды биылғы еріктілер жылында аз да болса үлесімізді қосайық деп жасап жатырмыз, -деді осы жұмысқа жауапты Есенгелді Жасмұханбетов.

Гауһар ӘДІЛЖАН

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар