25.02.2020, 10:09
Қараулар: 149
«ЕЛІМ ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ …»

«ЕЛІМ ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ …»

 

 

 

 

 

 

 

21 ақпан күні аудандық «Рухани жаңғыру» орталығында «Казталов ауданы жастар кеңесі» ЖҚБ және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Елім деп соққан жүрегі» атты меценатпен сыр-сұқбат кеші оздырылды. Кеш қонағы 2019 жылғы республикалық, облыстық, аудандық «Жомарт жүрек» сыйлығының иегері, жерлесіміз «ЕрҚожа» ШҚ жетекшісі, меценат Самат Хамзаұлы.

Мақсаты — жаны жомарт ағаларды халықтың алдына шығарып, ел үшін еткен еселі еңбектеріне алғыс айтып, жас ұрпаққа дәріптеу, насихаттау болып табылады.

— Туған ауылыма ФАП тұрғызуды мақсат еттім. Ауыл тұрғындарының салауатты өмір салтын сақтап, әрқашан дендері сау болып жүргендері мен үшін бір бақыт. Ата кәсіп мал шаруашылығымен айналысып, туған ауылды дамытуда елеулі еңбек ету мен үшін бір міндет. Өзіме туып өскен жерімді көркейтуге алдағы уақыттарда да атсалысып, қолымнан келген көмекті аямай көрсететін боламын –деді Самат Хамзаұлы.
Кеш сонында жомарт ағамыз жастарға өзінің ақыл кеңесін айтып, жылы лебізін арнады. Мәдени шараны қорытындылаған «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі А.Көшеғалі Самат Хамзаұлына ризашылығын білдіріп, естелік сыйлық табыстады.

«Ауыл айнасы» ақпарат