25.02.2020, 10:04
Қараулар: 152
ЖАҢАЖОЛДА ЖАҢА МЕЙРАМХАНА

ЖАҢАЖОЛДА ЖАҢА МЕЙРАМХАНА

 

 

 

 

 

 

 

Ел тұрмысы жақсарып, ауыл кәсіпкерлігінің де қарқыны соңғы уақытта мейлінше артып келеді. Қазіргі таңда ауылда тұрып-ақ қаланың жағдайында өмір сүруге әбден болатынына көзіміз жетіп отыр.
20 ақпан күні Жаңажол ауылында соңғы үлгімен салынған 300 орындық «Ақ тілек» мейрамханасы ел игілігіне пайдалануға берілді. Жаңа мейрамхананың иесі Талғат Әжуов. Ол мейрамхана құрылысын өзінің қаражатына салып, ағайындарының қолдауымен кәсібін бастады. Заманауи үлгіде салынған мейрамхананың сантехникалық жүйелері талапқа сай орнатылып, VIP залы да жақсы жабдықталған.

Мейрамхананың салтанатты ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Р.Зұлқашев, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Э.Ешмуханов, ауыл әкімі Қ.Өміралиевтер мен ауыл ақсақалдары және ауыл тұрғындары қатысып, кәсіп иелеріне жүрек жарды құттықтауларын арнады.

Ал лента қию рәсімі аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зулкашев пен мейрамхана иесі Талғат Әжуовқа жүктелді.
Салтанат жиынына қатысушылар мейрамхана төрі қонақтан босамасын деген тілектерін жаудырды.

Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар