25.02.2020, 9:57
Қараулар: 57
ҰЖЫМДАР БАСТАМАСЫ БАЯНДЫ

ҰЖЫМДАР БАСТАМАСЫ БАЯНДЫ

 

 

 

 

 

 

 

Адамзат тарихындағы қанқұйлы соғыс саналған екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 75 жыл толып отыр. Сұрапыл соғыс қазақ халқының батыр ұлдарының биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытты. Сондықтан да Жеңіс күні мерекесі баһадүр аталардың ұлы ерлігін ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.
Осынау мереке аясында аудандағы барлық бөлім, мекеме ұжымдарының фестивалі өтуде.
Бастаманы жалғаған аудандық ардагерлер ұйымы, аудандық электр торабы, телекоммуникациялар өндірістік торабы, «Казпошта» байланыс торабы, аудандық газ пайдалану телімі «БатысЭнергоРесурсы» ЖШС және аудандық кәсіпкерлер палатасы сынды мекеме ұжымдары «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» атты кешті көрерменге тарту етті.
Түрлі саланың қызметкерлері кешегі қан майдандағы әңдер мен билерді орындап, Ұлы Отан соғысының ардагері, аудан мәдениетінің негізін қалаушы Сағит Садықовтың «Майдан жырлар» топтамасынан өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.
Ұжымның орындауындағы туындылар тыңдармандарды ерекше әсерге қалдырса, мың бұралған биші қыздардың «Катюша, «Қазақ» билері көрермендерді елең еткізбей қоймады.
Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев сөз алып, өнерлерін паш еткен аталмыш мекеме ұжымдарына ризашылығын білдіріп, алғысхат табыс етті.
Концертті тамашалауға келген көрермендер әсерлі кешке риза болып тарқасты.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА