25.02.2020, 9:50
Қараулар: 164
ОЙЛЫ ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАНДЫ

ОЙЛЫ ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАНДЫ

 

 

 

 

 

 

 

19-20 ақпан күндері ауданымызда гастрольдік сапарда болған Бөрлі аудандық халықтық «Мұрагер» театры «Қарекет» қайырымдылық қоры аясында Жалпақтал, Казталов ауылдарында болып, аудан жұртшылығына «Жалғанған үміт» заманауи трагедиясын ұсынды.
Қайырымдылық, ізгілік дәнін себуге жол ашқан трагедиялық қойылымға ауыл ұрғындары көп жиналып, өздерінің кең жүректі жандар екенін дәлелдеді.
А.Жанәбіловтің туындысын сахналаған театр режиссеры А.Молдағалиева өнерге деген жанашырлық ықыластары үшін жерлестерімізге театрдың өнер ұжымы атынан шынайы алғысын жеткізді.
Бүгінгі өмірдің бет-пердесін боямасыз көрсетуге тырысқан театр әртістерінің шеберлігіне риза болған көрермендер, қойылымның әр бөлімі сайын ұзақ қол соғып, сахнаның салмағын арттырып отырды.
Сол күні ауылдағы жомарт жандар үлесінен «Қарекет» қайырымдылық қорына тек Жалпақтал ауылының өзінен 110 мың теңге қаражат түсті.
Ел игілігіндегі ізгілік істер жалғасын таба берсін.

Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ