25.02.2020, 9:42
Қараулар: 130
ҚАМҚОРЛЫҚ ТА ҚАДАҒАЛАНЫЛАДЫ

ҚАМҚОРЛЫҚ ТА ҚАДАҒАЛАНЫЛАДЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазталов аудандық «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының аясында, аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері мен мәслихат депутаттары және «Jas Otan» мүшелері Жалпақтал ауылында орналасқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, ондағы ардагер мен мүгедек жандардың хал-ахуалымен танысты.
Әлеуметтік көмекті мұқтаж ететін жандардың бір күнгі өміріне шолу жасаған олар, орталықтағы тәрбиеленушілердің мемлекет қамқорлығын толық сезініп отырғандарына көз жеткізіп, жеке сұхбаттасты.
Өз кезектерінде үкімет саясатын жергілікті жерде толықтай жүзеге асырып, жағдайларын қадағалап отырған аудан басшыларына тәрбиеленушілер алғыс білдірді.

Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар