25.02.2020, 9:38
Қараулар: 216
ЖАҢА ҚОНЫС — ЖАЙЛЫ ОРЫН

ЖАҢА ҚОНЫС — ЖАЙЛЫ ОРЫН

 

 

 

 

 

 

 

Ауылдағы өнерлі шәкірттерді 50 жылға жуық тәрбиелеп, өнер мен білімді ұштастырып келе жатқан Жалпақтал өнер мектебінің ұстаздары мен оқушылары жаңа қонысқа көшіп, жайлы орынға қоныстанды.
Заман талабына сай, жан-жақты білім беруге қолайлы ғимаратқа орналасқан ұстаздардың қуанышытарында шек жоқ. Оқушылар мен ата-аналар да қуаныштарын жасыра алмай бір-бірін құттықтауда.

Жаңа қонысқа көшкен ұжымға «Қазақстан салалық, мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Айдар Батырханов, аудан әкімі Альберт Есалиев пен аудандық, облыстық мәслихат депутаттары арнайы келіп, қуаныштарымен бөлісті.

-Ел экономикасы құлдыраған кешегі қиын-қыстау кезеңде де мектебіміздің есігіне құлып салынбаған еді. Ұжымымыз жаңаша инновациялық бағдарламаларды қорғап, талай шәкірттерді түлетіп ұшырды. Еңбегімізді жоғары бағалап, қажет кезде жайлы ғимарат ұсынған аудан әкімі Альберт Есалиевке ризашылығымызды білдіреміз, -дейді «Қазақстанның Құрметті ұстазы» Бейбіт Мұқанов.

Болашақта жергілікті биліктің шынайы қамқорлығын сезінген өнерлі өрендер түрлі байқаулардан аудан намысын қорғайды деп үміттенеміз.

Қыдыр АБДРАХМАНОВ