25.02.2020, 9:35
Қараулар: 177
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛДАНДЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛДАНДЫ

Бүгін аудандық қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті. 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы мәселе кеңінен талқыланды.

“Атамекен” кәсіпкерлік палатасының Казталов аудандық филиалының 2019 жылғы атқарған жұмысы туралы хабарлама тыңдалды.

Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының Казталов ауданындағы филиалының директоры Аманжол Нигметов: -2019 жылы 1388 кәсіпкерлік субьектілері тіркелген болса, соның ішінде 18 өнеркәсіпте,17 құрылыс саласында, 651 ауыл шаруашылығында, 12 транспортта, 380 саудада және 310 басқалай кәсіп түрімен қызмет жасап жатқандығын баяндады.

Жиында мәселелер талқыланып, ұсыныс-пікірлер сарапқа салынды.

Диана БАҚСЫҚ

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар