25.02.2020, 9:33
Қараулар: 90
БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ БЕЙЖАЙ ҚАРАМАЙЫҚ

БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ БЕЙЖАЙ ҚАРАМАЙЫҚ

19 ақпан күні аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитованың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Жиында кәмелетке толмағандар арасында құқықтық мәдениет, нашақорлық, қараусыздық жөніндегі мәселелер қаралды. Мектептерде оқушылардың денсаулығын сақтау, соның ішінде медициналық қызметті ұйымдастыру,  нашақорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу және алдын алу мәселесі комиссияда кеңінен талқыланды. Балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету, жатақханада жатып оқитын балаларды қауіпсіз тасымалдау және жол-көлік оқиғаларына қатысты жағдайларды тиімді ұйымдастыру мәселелері қозғалды.

-Біздің мақсатымыз — кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алып, бірлесіп жұмыс жасау. Тәрбие отбасынан басталады. Оқушы ұстаздардан гөрі ата-аналарының қасында көп болады. Сондықтан әр ата-ана балаға тәрбие бермес бұрын, бірінші өзіндерін түзеп, үлгі болулары тиіс, — деген аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы мектеп жасындағы балалардың назардан тыс қалмау қажеттігін айтып, комиссия жұмысын қорытындылады.

Диана ҒАЛИЕВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар