25.02.2020, 9:25
Қараулар: 212
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ

 

 

 

 

 

 

 

14-17 ақпан күндері Орал қаласында үстел теннисінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Турнирге Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек, Казталов, Сырым, Қаратөбе аудандары және Орал қаласынан жарысқа 100-ден астам спортшы қатысты. Аталған чемпионат үстел теннисі спорт түрін дамыту және кеңінен тарату, спортшылардың кәсіби шеберлігі деңгейін артыру, жастардың патриоттық сана сезімің тәрбиелеу, бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді.

Казталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командалары 2002 жылы туған жасөспірм ұлдары арасында ІІ орынды Нұрбек Қабир, Нұрдәулет Қаресов, 2007 және одан кіші туылған жасөспірімдер арасында ІІ орынды Мейірбек Ерболат, Әмір Айтжан иеленді.

2002 одан кіші туылған жасөспірім қыздар арасында ІІІ орын Гүльшат Серікова, 2005 және одан кіші туылған жасөспірімдер арасында ІІІ орын Аяулы Тоясова, Аружан Чукина, 2007 және одан кіші туылған жасөспірім қыздар бойынша ІІІ орынды Мейрамгүл Сейфолла жеңісті өз қанжығасына байлады.

Жекелей жарыста 2002 және одан кіші жасөспірім ұлдар арасында ІІІ орынды Нұрдәулет Қаресов иеленсе, жеңіске жігерлігі үшін Сейфолла Мейрамгүл марапатталды.

Диана БАҚСЫҚ