25.02.2020, 9:20
Қараулар: 169
ДАНАЛЫҚТЫҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ

ДАНАЛЫҚТЫҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ

Қазақтың ұлы ақыны, жазушы Абай туралы қанша айтсақ та артық етпейді. Ұлылықтың сырына қанық болып, даралықтың қандай болатынын ұғынғыңыз келсе, дана Абай әлеміне бір сәт үңіліңіз. Осы орайда 18 ақпан күні аудандық тарихи-өлкетану музейінде ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында «Өлмейтұғын артында із қалдырған» әдеби-сазды кеш өтті.
Шарада ақынның өмірі мен шығармашылығы жөнінде қойылған сауалдарға Казталов мектеп-лицейі мен А.Оразбаева атындағы орта мектебінің оқушылары мүдірмей, толық жауап берді. Қатысушыларға арналып тренинг ұйымдастырылып, әр оқушы Абайдың бір қара сөзін оқыды. Шара соңында «Көзімнің қарасы» әнін әуелете шырқады.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА