25.02.2020, 9:18
Қараулар: 173
АҚЫНДЫ ҰЛЫҚТАҒАН МАРАФОН

АҚЫНДЫ ҰЛЫҚТАҒАН МАРАФОН

Казталов модельді балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Казталов мектеп-лицейінің және Алма Оразбаева атындағы орта мектебінің оқушылары арасында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Ұлылардың ұлысы — Абай» атты марафон өтті.
Марафонның мақсаты — ақынның өмірінен дерек беру, оқушылардың ой түйіндеу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, адамгершілік пен талғампаздыққа, әсемдік пен сұлулыққа, ақын өнегесін үлгі етуге тәрбиелеу.
А. Оразбаева атындағы орта мектебінің 2 «а» сынып оқушылары А.Есентаева «Қыс», А.Әлібек «Жазғытұрым», А.Амантай «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Шара соңында барлық оқушылар «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін шырқап, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

Гауһар ӘДІЛЖАН