18.02.2020, 11:13
Қараулар: 137
БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРҒАН БОКСШЫЛАР

БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРҒАН БОКСШЫЛАР

 

 

 

 

 

 

 

13-16 ақпан күндері Ақсай қаласында Бөрлі ауданының бокс спорт түрінің құрылғанына 30 жыл толуына орай жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнир өтті. Турнирге Ақтөбе, Орал қалаларынан және БҚО аудандарынан 180 спортшы қатысып, бақтарын сынады.

Жарысқа аудандық орталық баллар-жасөспірімдер спорт мектебі мен Бостандық орта мектебінің спортшылары да қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Атап айтсақ, 36 келі салмақта Нұрсұлтан Жұмагерей І орын, 26 келіде Алмат Жұмагерей І орын, 30 келіде Армат Жұмагерей І орын, 30 келіде Ерұлан Жасқайрат І орын, 36 келіде Елнұр  Ханат І орын, 64 келі салмақта Баянсұлу Айдынғалиева І орынды жеңіп алса, Ермек Абылай ІІ орын, 28 келі салмақта Миран Жүсіпов ІІ орын, 26 келіде Байкен Өтебай ІІ орын, 30 келіде Нұрбағдан Самигуллин ІІ орынды қанжығалады. Ал 38 келіде Мадир Иран ІІІ орынды,  34 келіде Ералы Неғметуллин ІІІ орынды міне тұтса, Нұрсұлтан Жұмагерей «Үздік техникалық тактикасы үшін» аталымын иеленді.

Жас спортшылардың жеңіс тұғырынан көрінуіне жаттықтырушылары Асыланбек Сармалаев пен Еламан Айтасовтың еңбегі бір төбе.

Гауһар ӘДІЛЖАН