18.02.2020, 10:23
Қараулар: 165
Тіл мәртебесі – ел мерейі

Тіл мәртебесі – ел мерейі

«Тіл туралы» Заңда «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы» — делінген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты — оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі деп анық көрсетілген, Ата Заңымыздан туындаған «Тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында да осы жағдай берік қамтылған. Біздің азаматтық парызымыз — тіл заңындағы талаптарды жүйелі түрде жүзеге асыру.

Қазіргі заман талабына сай қоғамның барлық саласында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында бірқатар іс-шаралар жүргізіліп жатқаны аян. Осындай оңтайлы көзқарастың бүгінгі таңдағы сот жүйесіне де өз ықпалын тигізгені айқын.

Соның нәтижесінде Казталов аудандық сотында соңғы жылдары ішкі құжат айналымын мемлекеттік тілге көшіру ұйымдастырылған.

Туған тілдің абыройын асқақтату — әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт-санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Ендеше, мемлекеттік тілді қоғам өмірінде кеңінен қолдану туралы мәселенің бүтін бір саясатқа айналып, қолданысқа енуіне кері әсерін тигізіп отырған мән-жәйлары адам баласының өзіне келіп тіреледі.

Қолданыстағы заң талаптарына сай, арыз-шағымдар қай тілде келіп түссе, сот сол тілде сот өндірісін жүргізуге мәжбүр болмақ. Ендеше, мелекеттік тілді ғылым мен техниканың түрлі саласына енгізіп, сапасын арттыру — уақыт талабы, ал, уақыт талабын орындау — баршамыздың абыройлы парызымыз.

А.САНСЫЗБАЕВА,

         Казталов аудандық сотының бас маман,

сот отырысының хатшысы