18.02.2020, 10:14
Қараулар: 60
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС — БАСТЫ МІНДЕТ

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС — БАСТЫ МІНДЕТ

17 ақпан күні «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №102 қаулысымен бекітілген «Nur Otan» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының 39-тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдиннің және БҚО МКҚБ ММ 2-ПБ (Казталов ауданы Жалпақтал ауылы) 4-взводының жеке құрамындағы 12 қызметкердің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы» атты дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында «Nur Otan» партиясының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына орай, сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік орган басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш бағдарлама азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамның барлық саласына дендеп бара жатқан жемқорлықтың жолына тосқауыл қойып, зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің басты міндетінің бірі.
Шарада осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы екендігі сөз болды.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты — оның алдын алу, яғни, себептері мен шарттарына ықпал жасау екені түсіндірілді. Осы орайда қатысушылар кеңестер алып, пікір алмасты.

Өз тілшіміз

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар