18.02.2020, 10:06
Қараулар: 199
ЕРЛІККЕ МӘҢГІЛІК ТАҒЗЫМ

ЕРЛІККЕ МӘҢГІЛІК ТАҒЗЫМ

 

 

 

 

 

 

 

 

15 ақпан күні Жалпақтал ауылында мекеме-ұйымдар арасында Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы аясында «Әлем мойындаған Ұлы Жеңіс» атты фестиваль басталды.
Осыдан мамыр айына дейін жалғасатын фестивальде әр мекеменің көркемөнерпаздары концерттік бағдарламалар дайындап, ауылдастарына тарту етеді.
Фестиваль шымылдығын алғаш ашқан Кенжебек Меңдәлиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің өнерпаз ұжымы көрермен қауымның зор ықыласына бөленіп, Ұлы Жеңіс мейрамының бізге оңай жетпегенін сахнадағы қойылым көріністері арқылы ұтымды дәлелдеп, патриоттық сезімге толы әскери әндерді әуелете шырқады.
Үлкен ұжымның өнерін жылы қабылдаған ауылдастар фестивальдің әр нөмірі сайын ыстық алақандарын аямай соғып, шынайы өнерге деген ықыластарын еш суытқан жоқ.
Ауыл мәдениетін дамытуға зор үлес қосып, Жеңіс мерекесіне байланысты көрермендерге әдемі кеш сыйлаған Кенжебек Меңдәлиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымына округ әкімі Әлия Жақсыбаева ризашылығын білдірді.

Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ