18.02.2020, 9:44
Қараулар: 79
ЕЛ ҰМЫТПАЙТЫН ЖЕҢІС

ЕЛ ҰМЫТПАЙТЫН ЖЕҢІС

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгінде Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады. Солардың жанымен, қанымен, терімен, күшімен, көз жасымен жеңістің таңбасын басқан күн — Жеңіс күні. Атаулы мереке қарсаңында ауданның барлық салалық мекемелері арасында «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа аманат» атты фестиваль өтуде.
14 ақпан күні аудандық балалар шығармашылығы және жаңа технологиялар орталығы, ауыл шаруашылығы ұжымдары мен ветеринария бөлімдері мамандары «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа аманат» атты концерттік бағдарламасын ұсынды.
Кеште қан майданда ерлікпен қаза тапқан Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова жөнінде көрініс көрсетілді. Мекеме қызметкерлерінің орындауындағы «Шығыстың қос жұлдызы», «Кестелі орамал», «Смуглянка», «Ана туралы баллада», «Қазақ қызы» сынды әндер көрермендерді бір серпілтті. «Три танкиста», «Военный вальс» билерін де қызметкерлер мың бұрала билеп, «Катюша», «Бейбіт күн тілегі» әндерін хормен орындады. Бағдарлама соңында аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев сахна төрінен табылып, мекеме ұжымдарына ризашылығын білдіріп, алғысхат табыс етті.
Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халық үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.

Гауһар ҚҰРМАНҒАЗИЕВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар