14.02.2020, 9:46
Қараулар: 130
ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ҚОЛ КҮРЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ҚОЛ КҮРЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

11-13 ақпан күндері аралығында Орал қаласында қол күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Чемпионатқа 300 спортшы қатысып, бақ сынаған.

Аудан атынан жарысқа Казталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Дастан Бектұрғанов І орын, Жұлдыз Жасұланқызы ІІ орын, Нұртілек Жалмұқанов ІІІ орын, Әнуар Утепов ІІІ орынды иеленді.

Дастан Бектұрғанов қол күресінен Алматы қаласында өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатына жолдама ұтып алды. Спортшылардың жеңіске жетуіне жаттықтырушылары Жасұлан Кулкайровтың еңбегі зор.

Жерлес жеңімпаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын.

Диана ГАЛИЕВА