14.02.2020, 9:39
Қараулар: 141
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-бабының 1-тармағына және Казталов аудандық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 ақпандағы Талдықұдық ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы Казталов аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес Қазиуллин Ақжол Жасқайратұлы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Талдықұдық ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды.

Аудан әкімінің орынбасары Рустем Зулкашев жаңа округ әкімін ауыл активіне таныстырып, жаңа қызметіне табыстар тіледі.

Ақжол Жасқайратұлы Қазиуллин 1990 жылы Казталов ауданы Қарасу ауылы Бостандық елді-мекенінде дүниеге келген. Білімі жоғары, 2008-2013 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институттын оқып бітірген. Мамандығы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Талдықұдық ауылы, С.Есетов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметінде.
2016 жылдын қыркүйек айынан бастап С.Есетов атындағы орта жалпы білім беретін метебінде тәрбие ісінің орынбасары қызметін атқарған.
2017 жылдың желтоқсан айынан бастап мектеп директоры қызметін, атқарды.
Отбасылы, екі бала тәрбиелеуде.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар