14.02.2020, 9:37
Қараулар: 109
ЖЕРЛЕСТЕР ЖЕҢІСІ

ЖЕРЛЕСТЕР ЖЕҢІСІ

11-12 ақпан күні Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында облыстық Абай оқулары өтті. Байқауға Абай өлеңдерін, аудармаларын, қарасөздерін орындауда аудан, қала мектептерінен 244 бала қатысты.

Нәтижесінде Көктерек орта жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Нұрайна Самигуллина ІІ орын, А.Хұсайынов мектебінің оқушысы Әділжан Хайредденов ІІІ орын, Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Қарақат Самигуллина «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» аталымы бойынша марапатталды.

Жерлестерімізді құттықтаймыз!

Жұлдыз АСҚАР

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар