14.02.2020, 9:24
Қараулар: 144
КЕЗЕКТІ ӨТКЕН СЕССИЯ

КЕЗЕКТІ ӨТКЕН СЕССИЯ

Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні Казталов аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымындағы кезекті 44-ші сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібінде Ақпәтер ауылдық округ әкімінің жергілікті қоғамдастықпен атқарған жұмыстары туралы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының ауданда орындалуы, аудандық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының атқарған жұмысынан есебі тыңдалды.

Мұнымен қоса сессияда Казталов ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін мен тәртібін айқындау қағидаларын бекіту, Казталов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану, Казталов аудандық жер комиссиясының Ережесін бекіту, Казталов аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту, аудандық мәслихат сессиясының төрағасын сайлау туралы мәселер депутаттар дауысына салынды.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар