14.02.2020, 9:22
Қараулар: 173
БОСТАНДЫҚТЫҚ КӘСІПКЕР «PLAYSTATION» КЛУБЫН АШТЫ

БОСТАНДЫҚТЫҚ КӘСІПКЕР «PLAYSTATION» КЛУБЫН АШТЫ

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты аясында «Жас кәсіпкер» жобасы ауданымызда іске асырылып келеді. Жобаны кәсібін ашқысы келетін аудан жастары оқыды. Соның бірі — бостандықтық Нұрсұлтан Елемесов. Нұрсұлтан Нұрланұлы «Жас кәсіпкер» жобасы негізінде 1 ай оқып, қайтарымсыз грант ұтып алды.
Нұрсұлтанның айтуынша: — «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға «Жас кәсіпкер» жобасын оқып, жобамды дайындадым. Жоба негізінде 505 мың теңге грант ұтып алып, «playstation» клубын ашып, қосымша шағын бильярд орнаттым. Ауылда жоқ кәсіп көзі болған соң ба келушілер қатары көп. Қаражат жинап, кәсібімді одан әрі дамытсам деген ойым бар. Бастысы өзіңе деген сенім болуы керек екен. Жастарға зор мүмкіндік берген «Атамекенге» алғысымыз шексіз, -деді.
Енді Бостандықтың жастары өз ауылдарында бильярд ойнап, уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізетін болады.

Гауһар ӘДІЛЖАН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар