14.02.2020, 9:15
Қараулар: 77
ТАҢДАУШЫЛАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ТАҢДАУШЫЛАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

11 ақпан күні Қазталов аудандық сайлау учаскесінде таңдаушылар Талдықұдық ауылдық округі әкімі лауазымы үміткерлеріне дауыс берді.
Дауыс беру рәсімі алдында таңдаушыларға аудандық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары Ахмет Сұпығалиев дауыс беру тәртібін түсіндірді.
Дауыс беруге 11 таңдаушы қатысты.

Сайлау Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабына сәйкес өткізілді.
2020 жылдың 11 ақпанда өткен Талдықұдық ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» заңына сәйкес Талдықұдық ауылдық округінің әкімінен үміткер Нұрғали Баянғалиұлы Қажығалиев өзінің аудандық сайлау комиссиясына берген өтінішіне сәйкес сайлаудан шығып қалды.
Жалпы таңдаушылар саны 13, соның ішінде дауыс беруге қатысқандар — 11. Әкімдікке үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: А.Казиуллинге – 10, А.Касимовқа – 1
Талдықұдық ауылдық округінің әкімі болып Ақжол Жасқайратұлы Казиуллин сайланды.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар