11.02.2020, 10:32
Қараулар: 243
ЖАҢА ЖАТАҚХАНА ҚАЖЕТ

ЖАҢА ЖАТАҚХАНА ҚАЖЕТ

 

 

 

 

 

 

 

10 ақпан күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Жалпақтал ауылында болып, әлеуметтік нысандар жұмысымен танысты.
Комиссия мүшелерінің алғашқы бас сұққан ғимараты Жалпақтал балалар өнер мектебі болды. Бұрын ескі мектепте оқыған оқушылар бүгінде күрделі жөндеуден өткен жаңа нысанға көшіп келген. Іші жылы әрі жарық мектептегі оқушылар мен мұғалімдердің де көңілі көтеріңкі. Бұрынғы аудандық газеттің типографиясы орналасқан ғимаратты күрделі жөндеу үшін жергілікті бюджет есебінен 29 млн. теңге қаражат жұмсалған. Жуырда бұл мектептің ашылу салтанаты өтпек.

Жалпақтал ауылында тағы бір шешімін таппай жүрген мәселенің бірі — Жалпақтал аграрлық-техникалық колледжі жатақханасы. Бүгінде жатақхана апатты деп табылуда. 2018 жылдың қыркүйек айында «ҚұрылысКонсалдинг» ЖШС-нің мамандары келіп, ғимаратты аппатты деп анықтаған.
Жатақхананың жағдайымен танысқан партиялық бақылау комиссия мүшелері жаңа жатақхана салу керектігін айтты. Ол үшін болашақта 100 орындық жаңа жатақхананың жобалық-сметалық құжаттарын дайындау қажеттілігі туындап отыр. Бұл сапарда анықталғандай 50 орындық жатақханада қазіргі уақытта 50 студент тұрып жатса, 20 студент кезегін күтуде. Комиссия мүшелері мәселені шешу үшін жұмыстанатындықтарын жеткізді.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар