11.02.2020, 10:20
Қараулар: 87
ЖЕРЛЕСТЕР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

ЖЕРЛЕСТЕР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

6-8 ақпан күндері аралығында еркін күрестен 2009-2010 жылы туған және 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында Бөрлі аудандық ашық турнирі өтті.

Жарысқа Ақтау, Орал қалалары мен Ақжайық, Сырым, Шыңғырлау, Тасқала, Бөрлі, Казталов және Жаңақала аудандарынан 130 спортшы қатысты.

Турнир нәтижесінде аудан намысын қорғаған Әли Жалмұхан 22 келі салмақ дәрежесінде 2 орын, Мансұр Абай 26 келіде 3 орын, Нұрсат Жалмұхан 26 келіде 1 орын, Ырысбек Тұрақбай 32 келі салмақ дәрежесінде 3 орын, Нұрберген Берікқали 42 келіде 3 орын, Меңдібек Дәулетқалиев 42 келіде 2 орын, Әділбек Ерболатов 57 келі салмақ дәрежесінде 1 орынды иеленді.

Спортшылардың жеңіске жетіп, жүлделі орындардан көрінуіне жаттықтырушысы Мейрам Ғиляжевтің еңбегінің арқасы деп білеміз.

Диана ГАЛИЕВА