11.02.2020, 10:15
Қараулар: 203
ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙДЕН САЙЫС

ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙДЕН САЙЫС

8 ақпан күні Қарасу тоғанында мекеме және кәсіпорын қызметкерлері арасында қысқы спорт түрі шайбалы хоккейден жарыс өтті.

Сайысқа 5 команда қатысып, өз бақтарын сынады. Ойын нәтижесінде  І орынды «Мәдениет және спорт» командасы иеленсе,
ІІ орынды «Алма»,  ІІІ орынды «Денсаулық» командасы місе тұтты.

Үздік ойын өрнегін көрсеткендер Дархан Құттыбаев «Үздік қорғаушы», Әулет Надиров «Үздік шабуылшы», Нұрбек Ихсанов «Үздік ойыншы», Мұхаммед Құрманалиев «Үздік қақпашы», Қайрат Халенов «Ардагер спортшы» аталымдарымен марапатталды.

Диана ГАЛИЕВА