11.02.2020, 10:05
Қараулар: 170
АЙШАШБИБІ ҚОЛА ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ

АЙШАШБИБІ ҚОЛА ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ

7 ақпан күні Қостанай қаласында дзюдо күресінен 2003-2004 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыстың бірінші күнінде аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті, қазіргі таңда спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатында оқып жүрген Айшабибі Мұрадымова 44 келі салмақ дәрежесінде чемпионаттың қола жүлдегері атанды.
Додалы жарыста ауданымыздың намысын қорғаған шәкіртіміздің алғашқы жаттықтырушылары Ғаділбек Сатыбалдиев, Жеңіс Стамғазиевтің еңбектері ересен.

 

Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ