11.02.2020, 10:02
Қараулар: 172
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

7 ақпан күні аудандық балалар модульді кітапханасында «Батырлар жыры — ұрпаққа үлгі» жобасы аясында «Батырлар жыры — бабалар үні» атты шара өтті. Шарада Казталов мектеп-лицейінің 8-сынып оқушылары батырлар жырларынан үзінді оқыса, мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы аудандық батырлар жырын жатқа оқу байқауының ІІІ орын иегері Ғазиза Амангелдиева «Қобыланды батыр» жырын жатқа оқыды.
Шарада «Ертарғын батыр» жыры туралы бейнежазба көрсетіліп, Казталов мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абзал Есенғазиев батырлар жырының тәрбиелік мәні туралы әңгіме өрбітті.

Гауһар ӘДІЛЖАН