5.02.2020, 11:10
Қараулар: 260
АҚЫН МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

АҚЫН МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Казталов модельді балалар кітапханасында Казталов мектеп-лицейінің 6 «а» сынып оқушылары арасында қазақ халқының ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты әдеби альянс өтті.

Шараның мақсаты — Абай Құнанбаевтың өмірінен дерек, шығармаларына шолу жасау. Оқушылардың ой түйіндеу, сөйлеу мәдениетін, шығармашылығын дамыту. Адамгершілік пен талғампаздылыққа, әсемдік пен сұлулықты сезіне білуге, ақын өнегесін үлгі ете отырып, елін сүюге тәрбиелеу.

Кеш барысында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романынан бейнежазба көрсетіліп, оқушыларға Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармаларынан сұрақтар қойылып, өлеңдері оқылды. Абай атамыздың балалық шағынан көрініс қойылды.

«Гүлдерайым» әжелер ансамблі Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық-ай», «Көзімнің қарасы» әндерін орындап, оқырмандардың тұлғаны жақын танып, білуіне жол ашты.

Диана ГАЛИЕВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар