5.02.2020, 11:06
Қараулар: 246
АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ПАЛАТАСЫ ЕСЕП БЕРДІ

АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ПАЛАТАСЫ ЕСЕП БЕРДІ

4 ақпан күні «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының директоры Аманжол Нығметов аудан кәсіпкерлері алында өткен жылдың есебін берді. Жиынға ауданның жеке кәсіпкерлері мен шаруа қожалық жетекшілері қатысты.
Филиал директоры Аманжол Ғалымжанұлының мәліметінше, 2019 жылы 1388 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген болса, соның ішінде 18 өнеркәсіпте, 17 құрылыста, 651 ауыл шаруашылығында, 12 транспортта, 380 саудада және 310 басқалай кәсіп түрімен қызмет жасап келеді.
Өткен жылы кәсіпкерлікті қолдау орталығымен 585 адамға 653 кеңес берілсе, оның ішінде 36 бизнесті ашу және жабу, 117 «Бизнестің жол картасы-2020», 485 «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы, 51 «Агробизнес-2020» бағдарламасы түсіндірілді. Сонымен бірге 13 бизнес жоба қаралып, 1ЖШС, 12 шаруа қожалығы жалпы соммасы 297 млн. 530 мың теңгеге мақұлданды. Оның ішінде жаңадан құрылған 1 бизнес жоба «Нұрбанк» АҚ-мен қаралған болса, 12 жоба бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен өздерінің кәсіптерін ұлғайтып, несие арқылы 719 ірі қара, 476 қой, 29 жылқы, 2 ауыл шаруашылығы техникасын алып, 17 жұмыс орны ашылды.
«Бизнес бастау» және «Жас кәсіпкер» жобалары арқылы оқыған 23 адамға 57 млн. 725 мың несие берілген болса, 92 адамға 40 млн. 652 мың 500 теңге мемлекеттік грант берілді.
Жиында шаруа қожалық жетекшілері даладағы кенелердің көптігі, киік, кадр жетіспеушілігі, соның ішінде ветеринар, зоотехниктер жоқтығы мәселесін көтерсе, кәсіркерлер алкагольдік өнімдерге берілетін сәйкестік парағы, кассалық аппараттағы қиындықтар, Александров-Гай ауданынан тауар тасуға автомобильді пунк ашу сынды мәселелерді орта салды.

 

Гауһар ӘДІЛЖАН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар