5.02.2020, 10:35
Қараулар: 239
Өзге тілдің бәрін біл — өз тіліңді құрметте

Өзге тілдің бәрін біл — өз тіліңді құрметте

Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

Ана тілі – ананың ақ сүтімен әр қазақ баласының бойына сіңген тіл емеспе еді. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Әр адамның азаматтық қасиеті – өз халқын, өзінің атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек. Әркімнің тілге деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметінен білуге болады. Өз ана тілін ұмытқан адам – өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Осыны қазақ жастары түсінсе екен деймін.

Тілдің дамуы мемлекеттік тілдің басымдығын және іс қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең – кезеңмен көшіруді көздейтін Мемлекеттік бағдарламамен қамтамасыз етіледі.

Қазақ тілін қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Казталов ауданының №2 аудандық соты жоспар қабылдап, мемлекеттік тілдің дамуы жөнінде семинар сабақтар өткізіп тұрады.

Сотта іс толығымен қазақ тілінде жүргізіледі. Іс-қағаздарын жүргізу толық қазақ тіліне көшкен, іс-қағаздары орыс тілінде түссе де мемлекеттік тілде тіркеледі, облыстық сотқа ақпараттар, хаттар, басқа да іс-қағаздары мемлекеттік тілде жіберілуде.

Алайда кейбір мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мемлекеттік тілді дамыту және оны қолдануды әлі кезге дейін дұрыс қолға алмауы қызмет барысында қиындықтар туғызуда. Іс жүргізу құжаттары мемлекеттік тілде болған жағдайда ғана іс жүргізу мемлекеттік тілде болады.

Өзгенің құлы емес өз еліміздің ұл – қызы болайық, өзгенің емес,өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асырайық!

Ж.ДҮЙСЕНОВА,

Казталов ауданының №2 аудандық сотының

бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы