4.02.2020, 16:30
Қараулар: 126
ЖРВИ мен тұмау туралы не білеміз?

ЖРВИ мен тұмау туралы не білеміз?

  1. Тұмау — жасы мен жынысын талғамастан, бәріне бірдей жұғатын ауыр вирустық инфекция. Оған өткір токсикоз, ринит, мұрынның бітуі және бронхты зақымдайтын катаралды құбылыстармен сипатталатын белгілер тән. ЖРВИ – адамзаттың ең кең таралған аурулары. Онымен жазда азырақ, қыста көбірек болса да, барлығы дерлік ауырады. ЖРВИ мен тұмауды туындататын вирустар мұрын мен тамақтан бастап, өкпеге дейін барлық кеңістіктегі эпителийлі жасушаларды зақымдайды. Бұл вирустардың көптеген түрлері бар, ең көп таралғаны – тұмау, ал «бейтанымал» түрлері – парагрипп, аденовирус, риновирус, реовирус және басқалары. Cыртқы ортада вирустар тезірек өледі, бірақ адамнан адамға ауа-тамшылы жол арқылы тез таралады. Тұмаудың көзі болып тек аурудың нақты өзімен немесе оның жасырын түрлерімен ауыратын сырқат адам болып табылады. Инкубациялық кезең – 12-16 сағат. Максималдық жұқтыру аурудың алғашқы күндерінде байқалады, жөтелу және түшкіру кезінде түкірік пен сілемеймен сыртқы ортаға вирус бөлінеді. 5 күн ауырғаннан кейін сырқаттардың көпшілігі жұқпалы емес. ЖРВИ мен тұмаудың белгілері баршаға аян, себебі бұл аурумен ауырмаған бірде-бір адам жоқ. Алғашқы белгілері: ағза әлсірейді де, дене қызуының жоғарылауы, мұрынның бітуі және жөтел сияқты белгілер пайда болады. Тұмау туралы сөз болғанда мынаған назар аударған дұрыс: ғалымдар оның А, В және С сияқты үш түрін бөліп қарастырады. Ең басты ерекшеліктері – олардың түрлену қабілетінде. Мысалға, С вирусы қалғандарына қарағанда анағұрлым тұрақты. Бұл вируспен бір рет ауырған адамда оған қарсы иммунитет пайда болады. Сондықтан, вирустардың көп түрлілігіне қарамастан, көп жағдайда С вирусымен ересектер емес, балалар ауырады. В вирусы аз да болса түрленуімен өзгешеленеді. В вирусымен балалар ауыратыны белгілі. А вирусы – тұмаудың ең қатерлі түрі. Себебі ол қайта-қайта түрленіп, әр түрлі эпидемияларды туғызады. Бірақ бізді толғандыратыны, олардың түрі емес, ЖРВИ мен тұмауды қалай алдын алуға болатыны туралы білу:

1. Ағзаның жүйелі шынығуы;
2. Тұмауға қарсы негізгі алдын алу шарасы ағзаға жұқпалы агенттің азғантай бөлігін енгізу арқылы жүзеге асатын белсенді егу иммунизациясы болып табылады;
3. Алдын алу шарасының ең тиімді және кең таралған түрі – медицина маскаларын немесе мақталы дәке бетпердесін тағу;
4. Әрбір 2 сағат сайын мұрын сілемейіне оксолин жақпамайын жағу;
5. Адам көп жүретін жерлерге баруды шектеу (кинотеатрлар, театрлар, супермаркеттер, вокзал, балабақша, мектеп және тағы басқа);
6. Жеке тазалықты сақтау, қолды жиі жуу;
7. Үй-жайды, ғимараттардың желдетілуі;
8. ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы профилактикасы үшін дәрі қобдишасының болуы (термометр, бетперде, аскорбин қышқылы, оксолин майы, мұрынға тамызатын тұзды ерітінділер және т.б.);
9. Қосымша ретінде аскорбин қышқылы мен поливитаминдерді қабылдау арқылы ағзаның қорғаныш қабілетін арттыру керек. С дәруменінің көп мөлшері орамжапырақ, мүкжидек, лимон, киви, мандарин, апельсин және грейпфруттардың құрамында жинақталған;
10. Эпидемия кезінде күнделікті бір-екі тал сарымсақты қабылдаған дұрыс. Бактерияларды өлтіру үшін ауыз қуысын сарымсақ қосылған сумен шайған дұрыс. Мұндай жағымды әсерді пияз да береді.
11. Тұмау кезінде мұрын қуысын күніне екі рет сабындап шаю керек. Бұл шара мұрынға ауамен бірге кіретін микробтарды өлтіруге болады.
12. Дәрігер жазып берген дәрілерден басқа, итмұрын қайнатпасы, бүлдірген мен бал қосылған шай, жөке қосылған шай сияқты дәмді «дәрі-дәрмектерді» қабылдауға болады. Тұмаудын алдын –алудың ен қарапайым жолы – ол вакцинацилау.

Жұмагүл МЕҢДІҒАРИНОВА,

аудандық тауарлар мен
көрсетілетін қызметтердің сапасы
мен қауіпсіздігін бақылау
басқармасының жетекші маманы