4.02.2020, 10:12
Қараулар: 253
ҚАУІПТІ ДЕРТТЕН САҚТАНАЙЫҚ!

ҚАУІПТІ ДЕРТТЕН САҚТАНАЙЫҚ!

Коронавирус жұқпалы ауруының көрші Қытай мемлекетінде ушығуына байланысты елімізде  ескерту жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе, вирусқа қауіпті деген аймақтарына барған кезде сақтық шараларын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.

Коронавирустар – бұл жануарлар және адамдар арасында кең тараған вирустардың түрі. Жаңа коронавирус (2019-nCoV) – Қытайдың Ухань қаласында алғаш рет табылған. Бұл тыныс алу жүйесінің ауруын тудыратын вирус. Коронавирустар адамдар мен омыртқалыларға (жануарлар мен құстар) маңызды патогендер болып табылады. Адамның және үй жануарларының, малдардың, құстардың, жарқанаттардың, тышқандардың және т.б. көптеген жабайы жануарлардың тыныс алу жолдарымен қатар, орталық жүйке және асқорыту жүйесін зақымдайды. Аурудың жасырын кезеңі көптеген науқастарда 2-14 күнді құрайды.

Аурудың алғашқы белгілері: бастың ауруы, мұрнынан су ағу, кеуде тұсының ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі (38 градус және одан жоғары), жүрек қағысының жиілеуі, тыныс алудың бұзылуы. Оның жұғу жолдары: ауру адаммен тікелей қатынаста болғанда, түшкіру, жөтелу кезінде, науқастың жеке заттары мен ыдыс-аяғы арқылы жұғады.

Алдын алу шаралары: антисептикалық сұйық сабынмен қолды жиі жуу, ауруды жұқтырған адаммен жақын байланыста болмау, ет пен жұмыртқаны жақсылап қуырып немесе қайнатып пайдалану, мұрнынан су аққанда, жөтел кезінде жеке қол орамал пайдалану, жабайы жануарлар мен малға жақындамау.

Жұмагүл МЕҢДІҒАРИНОВА,

аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы